Ақмола облысында қылмыстық топ 450 тұлғаға заңсыз несие рәсімдеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақмола облысында қылмыстық топ 450 тұлғаға заңсыз несие рәсімдеген

Ақмола облысында қылмыстық топ 450 тұлғаға заңсыз несие рәсімдеген

Ақмола облысының прокурорлары 450 адамға 5 миллиард теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Аталған дерек былтыр Зеренді ауданы прокурорының аудан халқымен кездесуі барысында анықталған. Алаяқтардың құрбанына айналғандардың қатарында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары да бар. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды.

Бибінұр Әмірханқызы

Бөлісу