«Тәуелсіздік дәуірі» - ел энциклопедиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік дәуірі» - ел энциклопедиясы

10.01.2018

 

 

Алматылық ғалымдар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын талқылады. Аға буын өкілдері мен жастар «Тарихи публицистика жанрында жазылған еңбектің ерекшелігі мол» дейді.

 

Өйткені, кітапта еліміздің жаңа тарихы мен оның келешегіне қатысты нақты бағыттар көрсетілген.

 

Ғалымдар «Тәуелсіздік дәуірі» атты туындыға егемен еліміздің тарихи энциклопедиясы деп баға берді. Себебі, еңбекте Қазақстанның 26 жылда еңсерген белестері мен ішкі және сыртқы сын-қатерлері баяндалған.

 

Мемлекеттің қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен «Қазақстандық даму үлгісі» сараланған.

 

Ақан Бижанов,  саясаттану және дінтану, философия институтының директоры:

Бұл кітаптың келешегі өте зор. Әсіресе, біздің жастарға қажет. Неге десеңіз, бұл кітап өткен уақытты ғана сараптамай, келешекті де қамтиды. Келешекте қандай жұмыстарды атқару керек, қандай жұмыстарды біз шешуіміз керек, соның барлығына нақты жауап берілген.

 

Кітап бірнеше тараудан тұрады. Олардың да атауларына зор мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары суреттелген. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен қамтылған.

 

Ғалымқайыр Мұтанов,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры:

Бұл кітап үлкен саясаткерлерге, сонымен қатар, экономистерге, тарихшыларға, мемлекеттік қызметкерлерге өте құнды кітап. Өйткені, бұл тарих әрқашанда бір ғана болып қалмайды. Әр кезеңде осындай қиындықтар айналып келіп отырады.

 

Ел дамуының басты эволюциясы мен ұстанымдары, қозғаушы күштері толық баяндалған бұл елеулі еңбек Қазақстанның өркендеу жолындағы негізгі түп-тамыры бола алады.

 

Алқалы жиын соңында белді ғалымдар осылай ой қорытты.

 

Амангелді СЕЙІТХАН  

                 

 

Хабарламаларға жазылу