Ақтөбедегі тергеу абақтысы апатты жағдайда тұр. 192 адамға шақталған нысанда қазір 300 адам бар.
Мұнда қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар сотқа дейін отырады. Ғимарат 1948 жылы салынған. Қабырғалары қақырап, әбден тозғандықтан, бір қапталындағы камераларда адамдарды ұстау мүмкін емес. Сондықтан қазір тарлық етіп отыр. Облыс прокурорлары мен мәслихат депутаттары келіп, нысанның жай-күйімен танысқан еді. Тергеу изоляторына күрделі жөндеу жүргізу тиімсіз. Сондықтан басқа аумақтан жаңа ғимарат салынуы мүмкін.
Талғат Әлібаев, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
Мемлекет тарапынан осы Ақтөбеден жаңа тергеу абақтысын соғу жөнінде қол жеткізілді. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесі тұр. Егер ол бөлінсе, бұл тергеу абақтысын бұзып, жер басқа нысанға берілетін болады.
Жақсыбек Кемал
