Осы аптада былтыр наруызда Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін асқан жауыздықпен өлтірген Асқар Тастандиев деген 22 жылға сотталды. Үкім басқа тағы бір бап бойынша да шықты. Жеке өмірге қатысты.
Көршілері жиі мас болып жүретінін айтқан Тастандиев сол күні де мас күйде көлігімен күзетшіні екі рет басады. Сосын көлігінен түсіп барып тепкілейді. Күзетшінің артында әйелі, үш баласы қалды. Жесірі 100 млн теңге моральдық өтем талап еткен, сот 20 миллионын ғана қанағаттандырды.
Жолда балаларды көлікпен қағып кетуі туралы жиі естіп кеттік.
Бір жағы - балалардың өздерін көшеге, аулаға жібере салу, екінші жағынан, жол ережелерін сақтамау.
Ата-аналардың тәуекелдері бағамдамауы мен көшедегілердің көлікті жанталасып жүргізуі. Не істеу керегін барлық тарап біледі. Бірақ статистикаға қарасақ, қорытынды шығармаймыз.
Көктем туды, қарбалас басталды, қозғалыс көбейді. Алда суға түсу маусымы. Терезе ашып қоямыз. Терезе демекші, осы аптада Көкшетауда 5 жасар бала 16-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, мерт болды.
Ал бүгін Павлодарда 2 жастан асқан бала 5-қабаттың терезесінен құлаған. Жағдайы өте ауыр...
Қарапайым, бірақ өте маңызды ережелер бар. Сақтамасақ, өмір бақи бармақ шайнаумен өтуіміз мүмкін. «Неге сөйтпедім?» деп өкінумен өткен өмірдің қандай мағынасы бар? Ешқандай.
Раушан Сайлауқызының материалы.
