Салық кодексін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Иә айтылып келгендей 16 пайызға өсті, ал айналымның шекті деңгейін 15 млн теңге емес, 40 млн теңге қылыпты.
Депутаттар әлеуметтік сипаты басым салаларға жеңілдік беру бойынша өзгерістер енгізді. Қазір материалда баяндалады.
Менің тоқталғым келетіні, кей салаға жеңілдік беруге үзілді-кесілді қарсы болған депутаттар бар. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушыларға берілетін жеңілдік 1 трлн теңге шығады екен.
Шағын және орта бизнесі барлар жұмсартып айтқанда күрсініп отыр, ал тау-кен саласын игеретіндер пайдалы қазба өндіруге салынатын салықтан босатылған. Осыны айтқан депутат Е.Саиров қатты минералдарды өңдейтін компаниялар 10 жылға корпоративті табыс салығынан және мүлік, жер салықтарынан, импорттайтын тауарға салынатын қосылған құн салығынан босатылғанына тоқталды.
«Геологиялық барлауды дамытуды Мемлекет басшысы бірнеше рет айтты. Елімізге жаңа кеніштер керек. Ал үкімет барлауға кететін шығынды өндіріс жүріп жатқан келісім-шарттарға ауыстыруға рұқсат берген.
Яғни «міне, мынша қаржы геологиялық барлауға жұмсалады» деп анық көрсетпейді. Өнеркәсіп министрлігі геологиялық барлау жүріп жатыр ма, жоқ па, бақыламайды, тек лицензия береді», - деді Е.Саиров.
Депутаттың есебінше, 2018 жылдан 2022 жылға дейін тау-кен-металлургия секторындағы құрылтайшыларға 8,2 трлн теңге дивиденд төленген.
Иә тіршілік қылу үшін, даму үшін салық төлейміз. Салық төлеу – міндет. Дегенмен оның әділетті болуы аса маңызды.
«Төленуі тиіс салық төленуі тиіс» деп темірдей дауыспен айтатын бұйрық шағын бизнеске ғана арналмағанына шағын бизнесі бар азаматтың, жалпы салық төлеушінің бәрінің көзі жетуі керек.
Данияр Қайыртайдың сараптамасы.
