Ақмола облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Ақмола облысының Астрахан ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін.
Бүгінде тасқынның беті қайтып, Колутон өзенінің деңгейі 35 см төмендеді. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтты. Астрахан ауданындағы төрт ауылдың жұрты осы жолы қарғын судан зардап шекті, 60 үйге су кірді. Бірнеше өзеннің сағасы қосылған жерде орналасқан Ескі Қалқұтан ауылымен әлі байланыс жоқ. Мұнда 36 үйге су кіріп, жолын су шайды. Қазір жол дұрысталып жатыр. Тасқынның зардабын жою үшін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Екі үш күннің айналысында нақты шешім қабылданады деді әкімдік өкілдері.
Сонымен қатар су тасқынына қарсы шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін Бұланды ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Себебі, биыл өзен-көлі жоқ Макинск қаласы даладан келген қар суының астында қалып, 30-дан астам үйке су кірді.
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
