Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай Түркістан облысында 2 мыңнан аса ұлттық, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шара өтеді. Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Келелі басқосуда бұған дейін облыстық Ассамблея төрағасының орынбасарлары қызметін атқарып келген түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров пен өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирисметов көпшілік дауыспен қайта сайланды. Ал жастардың атынан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасарлығына «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман лайық деп танылды.
Сарманбай Сафаров, ҚХА облыстық төрағасының орынбасары:
130 ұлттың өкілі бар. Солардың бәрі бір болып, осындай дәрежеге жетіп тұрсақ, Қазақстанымыз гүлдейді. Жобаларымыз бар. Сол жобаларды аудандарға жіберіп, қадағалап, іске асырамыз деп ойлаймын.
Индира Раван-Нахчивани, облыстық «Ассамблея Жастары» ұйымының мүшесі:
Алдағы уақытта бізде «Бір ел» лагері сияқты көптеген лагерь ұйымдастырылады. Әр облыстан бізге қонақтар келеді. Сол қонақтарға біз өзіміздің тарихи жерлерімізді таныстырамыз.
Айнұр Ақбаева
