Атбасарда су тасқыны қаупі сейілді
Ақмола облысының Атбасар ауданында су тасқыны қаупі сейілді. Жыланды және Жабай өзендеріндегі су деңгейі үш жарым метрге төмендеді. Осыған дейін аудандағы он шақты жолды су шайып, жолдар жабылған еді. Бүгінде судың қайтуына байланысты аймаққа қатынайтын барлық бағыттағы жол ашылды.
Ал осыған дейін қардың күрт еруіне байланысты даладан келген су көлемі артып, жергілікті халықты үрей билеген еді. Оған жауын-шашын қосылып, Жабай өзеніндегі су деңгейі 5 метрге дейін көтерілді. Қазіргі таңда жағдай тұрақталды. Үйлерді су басу қаупі жоқ, дейді жергілікті билік өкілдері. Жалпы, ауданда су тасқынына тойтарыс беруге 300-ден аса адам, 100-ге жуық техника жұмылды.
Назгүл Жәкішева, Атбасар қаласының тұрғыны:
Үлкен іс шаралар жүргізіліп, осы жылы су апатынан аман қалдық. Қазіргі кезде жастар қанатымен қаламызда тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49