Алматыда мас мотоциклист 3 адамды соққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мас мотоциклист 3 адамды соққан

09.04.2025

Алматыда мотоцикл жүргізушісі үш жұмысшыны қағып кетті. Алған жарақатынан екі адам жедел жәрдем көлігі келгенше жан тапсырған. Куәгерлердің сөзінше, үшеуі жол бойында жұмыс істеп жатқан. Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алатау ауданында болған. Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылының бойымен келе жатып Mercedes көлігінің артына соғылған. Салдарынан тізгінге ие бола алмай, екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен. Екі жұмысшы оқиға орнында жан тапсырса, әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы өте ауыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

Алматы қалалық полиция Департаменті анықтау басқармасымен екі адамның өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай мотоцикл жүргізушісі мас күйінде болған. Қазіргі таңда ол дене жарақаттарымен ауруханада полицияның күзетінде. Міндетті түрде ауруханадан шыққан сәтте қамауға алынатын болады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу