Алматыда Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Қазақтың ұлы жазушысы» атты алқалы жиын өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен шарада белгілі ғалымдар қабырғалы қаламгердің әдеби мұрасын зерттеп, Әуезов шығармаларын насихаттау туралы мәселелерге тоқталды. Бүгінде Ұлттық кітапханада «Мұхтар Әуезов әлемі» атты толық мәтінді электрондық сайт бар. Мұнда жазушының барлық шығармасы топтастырылған. Ал, басқосу соңында Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың «Времен связующая нить», «Ділім» атты жаңа кітаптарының тұсауы кесілді.
Смағұл Елубай, жазушы:
- Бұл кітаптарды Кеңестік заманда, цензура бар кезде шығару тұрмақ, оны жазылып жатқанын айту мүмкін болмады. Өйткені, кітаптардың рухы - негізінен айтуға болмайтын саяси тақырып.
Мирас МҰҚАШ