Ұлттық құрылтайдағы бастамаларды жүзеге асыруға азаматтардың белсенділігі маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтайдағы бастамаларды жүзеге асыруға азаматтардың белсенділігі маңызды

08.04.2025

Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды іске асыру үшін қоғамның белсенділігі қажет. Қоғамдық бақылау институттарымен кері байланыстың тиімді тетіктерін дамыту маңызды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Көкшетауда мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен өткізген жиында осы мәселелер талқыланды. Пікірталас барысында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық мониторинг пен бақылауды күшейту керектігі айтылды. Сондықтан институт мамандары Ұлттық құрылтай шешімдерін іске асыруда азаматтарды белсенді болуға шақырды.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

Кез келген аймақта болсын, кез келген елде болсын азаматтық қоғам күшті болса, яғни үкіметтік ұйымдар мықты болып, мемлекеттік органдардың жұмысына бақылау орнатып, оны қадағаласа, онда оның сапасы да өседі.

Жиында сондай ақ Ұлттық құрылтай шешімдерін іске асыру жолдары талқыланады. Мәселен биыл Ақмола облысында туризмді дамытуға үлкен мән беріледі. Жалпы өңірде үкіметтік емес ұйымдар тарапынан білім беру, медицина мен басқа да әлеуметтік салаға қоғамдық бақылау күшті.

Қабуәли Құлышев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

Қоғамдық бақылау деген - халық наразылығын кімге білдіреді? Мемлекеттік қызметкерге, мемлекеттік ұжымдарға бізді дұрыс қабылдамайды, сұрақтарымызды дұрыс қарамайды дейді. Өте қиын жағдайда, мысалы шешілмейтін болса, оны облыс әкіміне, министрлікке хат жазып, шешімін табамыз.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу