Ақтөбе облысында жалғыз соғыс ардагері қалды
Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ардагер Хромтау қаласында тұрады. Василий Грецкий 101 жаста. Ол Беларусь елінде дүниеге келіп, бала күнінде 5 бауырымен бірге Қазақстанға жер аударылыпты. Соғысқа Алматыдан аттанған. Қан майданда жүріп, үш рет жараланған. Жеңісті Берлин қаласының түбінде қарсы алыпты. Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» және екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды. Ұзақ жыл темір жол саласында еңбек етті.
Василий Грецкий, соғыс ардагері:
43 жыл жұмыс істеп, 1984 жылы зейнетке шықтым. Елдің құрметіне бөлендім. Қазір ғылым мен білімнің заманы. Жастарға айтарым, оқуға ден қойып, жақсы маман болуға ұмтылу керек. Әскерден қашпасын. Жақсы сарбаздан тәртіпті, мақтаулы азамат шығады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00