Қызылордада ҚХА жастарының республикалық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ҚХА жастарының республикалық форумы басталды

07.04.2025

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының республикалық форумы басталды. «Сыр елі – достық мекені» атты ауқымды шарада еліміздің әр өңірінен келген делегаттар аймақтың тарихи-мәдени мұраларымен танысып, Байқоңыр ғарыш айлағына экскурссияға барады.

Форумның алғашқы күні пленарлық жиын өтті. Достық пен бірлікті ту еткен ұйымның 30 жылдың бедерінде жеткен жетістіктері айтылды. Бүгінде әр салада еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген түрлі этнос өкілдерінің еңбегі жастарға дәріптелді. Облыс әкімі Ассамблея өкілдерін құттықтап, мерейтой аясында аймақта жаңадан «Достық үйі» бой көтеретінін жеткізді.

Екатерина Гедзур, ҚХА мүшесі:

Бізге қазақтың салт-дәстүрін, достықты үйретіп жатыр. Өзім ұстазбын, біз Қорқыт ата туралы балаларға да айтамыз және де бүгін аңыздарды білдім, балаларға айтамын деп ойлаймын.

Мұнан бөлек, Ассамблея жастары қаланың көрікті жерлерін аралап, ботаникалық саябаққа барды. Онда ағаш көшеттерін отырғызып, «Таза Қазақстан» эко акциясына атсалысты. Ертең форумға қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына аттанып, зымыранның ұшырулына куә болады.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу