Ауыл жастарының II республикалық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл жастарының II республикалық форумы өтті

07.10.2020

Ауылды дамыту үшін алдымен сондағы жастардың жағдайын жақсартқан жөн. «Ауыл» партиясының ұстанымы осы. Халықтық -демократиялық патриоттық партия бүгін Ауыл жастарының II республикалық форумын өткізді. Жиынға белсенді жастар мен форум делегаттары қатысып, жаңа жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар, атқарушы комитеттің жаңа құрамын мақұлдады. 

Әйгерім Көкеева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жастар қанатының төрайымы:
Интернет мәселесі, ауылдардағы интернет желісінің жоқтығы, техникалық құрал-жабдықтар жетіспеушілігі осындай мәселелер қарастырылды.

Мадина Жолдас

ауыл партиясы жастар форумы

Хабарламаларға жазылу