Басты Жаңалықтар Арқалықтағы әуежай құрылысы биыл басталады

Арқалықтағы әуежай құрылысы биыл басталады

Арқалық қаласындағы әуежайдың құрылысы биыл басталып, келесі жылы қолданысқа берілмек. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Торғай өңіріндегі жұртшылықпен кездесу кезінде айтты.

Екіқабатты әуежай ғимаратының аумағы 1300 шаршы метр, ұшу-қону жолақтарының параметрі 2,5 мың метр. Сағатына 70 жолаушыға дейін қызмет көрсете алады. Қостанай, Астана, Алматыға рейстер қатынайды.

Орталық - Батыс автожолының құрылысы 2027 жылы басталады

Ал стратегиялық маңызы бар Орталық-Батыс автожолының жобалық құжаттамасын әзірлеу басталды.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Біздің жоспар бойынша құрылысын 2027 жылы бастаймыз. Яғни бірінші жыл техникалық-экономикалық негіздеме дайындау керек болады, келесі жылы жобалық-сметалық құжат дайындау керек болады. Содан соң 2027 жылы құрылысқа кірісеміз. Бірақ 2027 жылға қалдырмай, ертерек қалай бастасақ болады деген мерзім қойып, соған тырысып жатырмыз.

Министр жол бойындағы кәсіпті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ бос жатқан 7 млн гектарға жуық жерді ауыл шаруашылығы мақсатында игеру мәселесі де қарастыралмақ.

Мәдина Нағашыбай

Бөлісу