Алашорда үкіметінің құрылғанына - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алашорда үкіметінің құрылғанына - 100 жыл

12.12.2017

Бүгін Алаш автономиясының жарияланғанына - 100 жыл. Айтулы датаға орай, Астанада «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында Алашты танып-білген ұрпақтың ұлтына қалтқысыз қызмет ететіні, ал, аға буынның осы бағытта жұмыс жүргізу керектігі айтылды. Сондай-ақ, ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде Алаш зиялыларының саны үш жүзден мыңға жеткізілгені сөз болды. Бұған дейін белгісіз болып келген арыстар жайлы мәлімет бүгін жарық көрген ғылыми жинаққа енді. Бастысы, алаштанушылардың он жылдан бері көтеріп келе жатқан мәселесі келер жылдан бастап шешімін табатын болды.

Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы:

- Үлкен бір жаңалық қаңтарда болады деп күтіп отырмыз. Астанада Әлихан Бөкейханов, Қошке Кемеңгерұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Сәдуақасов, Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептер пайда болады. Мұның бәрі республикалық ономастикалық комиссияға түсті. Ол жақтан қолдау тапты деген қуанышты жаңалық жетіп отыр. Бұл 100 жылдыққа еліміздің үлкен үлесі болар еді. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу