Алматыда жауынгерлік техникалардың мұражайы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жауынгерлік техникалардың мұражайы ашылады

01.04.2025

Жеңістің 80 жылдығына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасқан мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Парламент депутаттарымен бірге алаңды аралап, қару-жарақ пен жауынгерлік машиналардың құрамын тексеріп, жауапты тұлғаларға қосымша тапсырмалар берді. Қазір Армия үйінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ғимараттың концерттік және мәрмәр залдары, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайы күрделі жөндеуден өтеді. Техника мұражайының экспозициясына ІІ д.с. жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі қойылмақ. Ең құнды экспонаттардың қатарында 1931 жылғы 152 милиметрлік зеңбірек бар.

Руслан Жангулин, Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

Кинозалдың, киностудияның аясында шеберлік сабағын өткізу үшін студенттермен, жастармен, жас сарбаз өкілдерімен толыққанды жұмыстарды жүргізетін боламыз. Мұның барлығы жеңістің 80 жылдығы аясында жасалып жатқан ауқымды шаралар болып отыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу