«Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі көрермен көзайымына айналып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі көрермен көзайымына айналып келеді

31.03.2025

«Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі көрермен көзайымына айналып келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген тарихи туындыны тараздықтар да жылы қабылдады.

Енді «ХХ ғасыр Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл туралы фильм облыс жұрты үшін 10 күні бойы көрсетіледі. Кинокартинада ақынның өмірі мен өнерін ұштастырған оқиғалар көрініс тапқан. Жалындаған жыраудың ақындар слетіне қатысуы, өлеңдерін баспа бетіне беруі режиссер назарынан тыс қалмады. Жамбылдың Ораз Жандосовпен, өзге де көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесуі шынайы шыққан. Фильмнің сценарисі әрі қоюшы-режиссері – Жандос Құсайынов. Ол киноға кірісерде тың деректерді іздеп, тіпті Мәскеу мұрағаттарын зерттеген.

Азамат Тұрар, көрермен:

Жамбыл атамыздың фильмі өте керемет түсірілген. Актерлік ойын керемет. 90 жасқа келгенде ол кісі 1 млн-ға жуық ән шумағын білген екен. Жалпы, аңыз адам ғой. Ол кісіні ұмытпауымыз керек, ұлықтауымыз керек.

Сара Мәдиева, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

Әрі қарай бұл фильмдердің барлығы осы 10 күннің ішінде біздің облысымыздың барлық ауданын қамтиды. Біз осы облыстағы барлық тұрғынмен қатар жекелеген мекемелердегі кәсіп иелерін де шақырамыз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу