Жәмила Бақбергенова 4 дүркін Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәмила Бақбергенова 4 дүркін Азия чемпионы атанды

29.03.2025

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмила Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды.

Балуан қыз 72 келі салмақта белдесіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Іріктеуде алдымен Оңтүстік Кореялықты ұтқан ол, артынша өзінің бұрынғы қарсыласы, екі жыл бұрын Әлем чемпионатының финалында ұтылған жапон қызынан есе қайтарды. Шешуші сында қытайлық қарсыласын ұтып, төрт дүркін Азия чемпионы атанды. Ал 53 келі салмақта бақ сынаған Зейнеп Баянова қола жүлдеге қол созды. Ол Моңғолиялық қарсыласымен бұған дейін үш мәрте кездесіп, ұтылған, бұл жолы есе қайтарды.

Жәмила Бақбергенова, әйелдер күресінен Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы:

Мен үшін қиынға түскен белдесі жапон қызымен болды. Мен осы уақытқа дейін бес рет кездесіп, екінші рет кездесуде ұттым. Мен үшін қиын кездесу болды. Барша қазақ еліне алғыс айтамын, өзімнің отбасыма, туған-туыстарыма көп рахмет айтамын.

Тағы бір сүйінші хабар! Қазақстандық 2 оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды. Бірі - Қайрат Абул-Мәлік, екіншісі - Әлімжан Жауынбай. Әлем біріншілігі Сербияның Врнячка Баня қаласында өтті. Додаға дүниежүзінің әр аймағынан кіл мықтылар жиналды.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу