Арқалық қаласындағы әуежай қайта жөнделеді
Арқалық қаласындағы әуежай қайта қалыпқа келтіріледі. Бұл мәселені Мемлекет басшысы құрылтайда көтерген болатын. Әуежайдың жұмысы 1998 жылы тоқтап қалды. Әбден тозған ғимараттың қазір тек қаңқасы тұр. Жоспар бойынша толық қалыпқа келсе, жаңа аэровокзал салынады. Сонымен қатар метеорологиялық және радиотехникалық құрал-жабдықтар сатып алынуы тиіс.
Дархан Ермағамбетов, Арқалық қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
Алғашқы кезекте облыс орталығы Қостанай, Астана және Алматы қаласына осындай ұшақ рейстері қолданысқа енгізіледі деген ақпарат бар. Сонымен қатар мұның бағасы тұрғындар мен жолаушыларға қалтаға тиімді, қолжетімді болады деп айтылды. Себебі оны Үкімет тарапынан субсидиялайтын болады.
Мәдина Нағашабай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03