Елдегі 461 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендірілуі мүмкін
Елдегі 461 мемлекеттік кәсіпорын жекешелендірілуі мүмкін. Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастырып, экономикалық талдау жүргізді. Нәтижесінде өндіріс орындары, агроөнеркәсіп кешендері, көлік пен байланыс субъектілері, бұқаралық ақпарат құралдары, қаржы және өзге де бірқатар ұйымды бәсекелестік ортаға беру ұсынылды. Сондай-ақ 7 футбол клубын жекешелендіру мәселесі қаралды. Аталған субъктілердің пулы енді реформалар жөніндегі Жоғары кеңеске жіберіледі. Кейін жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілмек. Бұл жұмыстар 2028 жылдың соңына дейін аяқталады.
Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:
Сарапшылармен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының айпиоға шығуын талқыладық. Ұйымдарды дамыту тәсілдері, активтерді басқару методикалары жеке-жеке қаузалды. Барлық ұсыныстарымыз қолдау тапты. Дегенмен тәуекелдер де айтылды. Жиында басқа да біршама мәселе қамтылды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03