Бүгін таңғы сағат 3:40-тар шамасында Жамбыл облысында жер сілкінді. Меркі ауылында магнитудасы 5,1 балға жетсе, Құлан ауылында төрт балл тіркелді.
Салдарынан кейбір тұрғын үйлердің қабырға сылақтары түскен. Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп қабырғасында жарықтар пайда болған.
Ал Тараз, Шу қаласы мен Қордай, Мойынқұм аудандарында жердің дүмпуі екі балды көрсетті. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
51 35 75 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылды. Аймақ коды 8(7262). Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше сілкініс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде анықталған. Сондай-ақ Қырғызстан аумағында да жер қозғалысының 4,4 балдық көрсеткіші тіркелді.
Данияр Әлімқұл
