Көкшетаулық оқушылар халықаралық байқаудан жүлдемен оралды
Көкшетаудағы Білім-инновация мектебінің оқушылары робототехникадан халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Үндістанның Панна қаласында өткен чемпионатта 4 мемлекеттен 60 команда қатысқан. Жас өрендер өздері жасаған роботтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, робоойыннан екі рекорд орнатқан. Жердегі пиксельдерді теріп, тақтаға ілген құрылғы бағдарламаны қатесіз орындаған. Жалпы Білім–инновация мектебінің оқушылары жуырда информатикадан Ақтауда өткен республикалық байқаудан да екінші, үшінші орын алды. Ал биыл төрт оқушы әлемнің үздік деген 100 университеті тізіміндегі жоғары оқу орындарының грантын иеленді.
Иманәли Телжан, Көкшетаудағы Білім-инновация мектебінің 10-сынып оқушысы:
Бірінші рет Алматыда «Центральный Азиатский» ойында біз Қазақстан рекордын қойғанбыз және Индияға барған кезде 400 ұпаймен Азияның жаңа рекордын қойдық. Индияда негізі әлемдегі ең қиын жарыстардың бірі болды. Өйткені Индияда дәл сол күні әлемнің рекорды қойылды және әлемнің антирекорды қойылды. Көптеген қызықты жайттар болған.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49