Алматыда КСРО-ның Халық суретшісі, профессор Тельжанов Қанафия Темірболатұлының 90 жылдығына арналған халықаралық студенттік пленэрлік көрме басталды.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған байқауға отандық және шетелдерден 40-қа жуық қылқалам шебері қатысып жатыр. Оларға ірі мегаполистегі соңғы өзгерістерді суреттеу жұмысы тапсырылған. Жарысқа күз тақырыбындағы түрлі жанрдағы 100-ден астам туынды келіп түскен. Солардың ішінен қазылардың жоғары бағасын алған картиналар көпшіліктің назарына ұсынылды.
Бауыржан Байділдә, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Пленэрдің мақсаты - жастарға үлкен талпыныс, шабыт беру. Сондықтан, біз осы іс-шараны екі жылда бір рет Қанапия Темірболатұлы Телжановтың атынан атқаруды ұйғарып, бастауын жасадық.
Амангелді СЕЙІТХАН