Назым Қызайбай үш дүркін Әлем чемпионы атанды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алтын қанжығалап, үш дүркін Әлем чемпионы атанған Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.
Спортшы 48 келі салмақта бақ сынады. Назымның дайындығы тыңғылықты болды. Қызымның жеңіске жетеріне сендім, дейді әкесі Абай Қызайбай. Боксшының отбасы жарыс басталар сәтті тағатсыздана күтіп, шешуші сайысты бірге көрген. Спортшы жарысқа «мен қалай да жеңіспен ораламын» деп сенімді аттанды, дейді ет жақындары.
Боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесіп, айласын асырды. Осылайша, Назым Қызайбай қазақ боксшылары арасында алғаш рет әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
Абай Қызайбай, Назым Қызайбайдың әкесі:
Қызым өзі үш рет әлем чемпионы боламын деп еді, арманына жетті. Қазағымыздың туын көтеріп бәрімізді қуантып жатыр.
Кәмшат Қызайбай, Назым Қызайбайдың анасы:
Үш дүркін Әлем чемпионы боламын деп халықтың алдында серт берген. Күні-түні тренерлері дайындатып, Назымды қандай жақсы дәрежеге жетіп жатыр. Мақсаты орындалды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент: Елімізге қомақты инвестиция тарту керек
08.09.2025, 17:11

Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылады
08.09.2025, 17:08
Е.Қарин: Қазақстан саяси жаңғырудың үлгісін тағы да көрсетті
08.09.2025, 17:03
Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді
08.09.2025, 17:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
08.09.2025, 15:30
Мұрат Нұртілеу өзінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді
08.09.2025, 14:43
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдады
08.09.2025, 14:40
Президент: Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау керек
08.09.2025, 14:37