Алматылық мәслихат депутаттары соғыс ардагерлерін әз-Наурыз мерекесімен құттықтады
Бүгін Наурызнаманың онкүндігіне сай - Қайырымдылық күні. Осыған орай Алматы қалалық мәслихат депутаттары соғыс ардагерлерін әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.
Олар майдангерлерге сұрапыл соғыс кезіндегі қажырлы еңбегі мен қызметі үшін шын жүректен алғыс айтып, денсаулық тіледі. Қариялар да ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жаудырды. Солардың бірі – ғасыр жасаған Дарбала Жабатаева. Ол 1943 жылы 18 жасында өз еркімен майданға аттанған. Шайқастың бірінде ауыр жарақат алса да, қиян-кескі ұрыстан бас тартпапты. Жеңісті Балтық теңізінің оңтүстігіндегі Померанияда қарсы алып, 1946 жылы елге оралған. Талай жыл жауапты қызметтер атқарған.
Бақытбек Жұмабаев, қалалық мәслихат депутаты:
«Ардагерлерді ардақтайық» деген жоба бар. Сол жоба аясында тыл ардагерлері, соғыс ардагерлері бар, зейнеткерлер бар. Соларды аралап, құрметтеп шығамыз. Өсіп келе жатқан жастар қазірден үлкендерді құрметтеп, сыйласа, ұрпақ сабақтастығы өз жалғасын табады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00