Бүгін Ұлттық құрылтай отырысы өтеді
Бүгін Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтеді. Қазір алқалы жиыннан бізбен байланысқа тілші Айя Мүтәлі шығып тұр.
Айя Мүтәлі, тілші:
Санаулы сағаттардан кейін дәл осы залда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтеді. Көрісу күнімен тұспа-тұс келген алқалы жиынға дайындық қызу жүріп. Құрылтайға шақыртылғандар кешеден бастап еліміздің әр аймағынан жиналуда. Бүгін олар осы алаңда сүбелі, салмақты ойларын ортаға салады. Келелі кеңеске Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлейді. Құрылтай мүшелері онда экология, туризм, еңбек қауіпсіздігі және жасанды интелектің қоғамға әсері сынды тақырыптар қаузалуы мүмкін екені туралы айтқан еді. Ал кеше 4 бағыт, 4 тақырып бойынша шағын отырыс өтті. Бір күннің өзінде 120-дан астам ұсыныс айтылды. Оның ішінде ұлттық идеологиядан бөлек, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, инклюзивті білім жүйесін жетілдіру, абақтыдағы әйелдерге амнистия жасау, фонограммаға тыйым салу сынды бастамалар көтерілді. Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысынан кейінірек тағы ақпар береміз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49