Жамбылдық жауынгер қыз автоматты 8 секундта жинайды
Бұл жамбылдық жауынгер қыз Мадина Анарбаева. Ол автоматты 8 секундта шашып, жинайды. Әулиеата өңіріндегі әскери қызметтегі әйелдер арасында жеке рекорд иесі. 20 жастағы сарбаз бір жарым жыл бұрын 63-563 әскери бөліміне келісім шарт негізінде жұмысқа қабылданған. Содан бері үздік жауынгерден үлгілі қызметкерге айналды. Ол құжаттармен жұмыс жүргізуден бөлек, сапта жүруде мақтаулы маман. Жастар арасындағы «Айбын» әскери-патриоттық сайысының бас жүлдегері. Алда Жеңіс күнін Астана қаласында өтетін ауқымды парадқа қатыспақ. Сондықтан қазір әріптестерімен бірге дайындық деңгейін пысықтап жатыр.
Мадина Анарбаева, әскери бөлімінің аға маманы:
Біз тек қаламмен ғана отырып, штабта жұмыс істемейміз. Қыздар да шығып шап десе атпен шабамыз, айда десе «Камазды» айдаймыз. Біздің қыздардың барлығы да әрдайым жауынгерлік дайындықта. Армия деген тек қана армияға барып, борышын өтеп келу емес. Бұл - халыққа қызмет ету, Қазақстанның әскери саласына үлес қосу.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00