«Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасындағы басты кейіпкерлер кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасындағы басты кейіпкерлер кімдер?

09.03.2025

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсіріп, кеше-бүгін ұлттық арна эфирінен көрсетілген «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасына тоқталғым келеді. Бұл - бір кесек дүние.

Ұлтты ояту дәуірінде ер азаматтармен бірге қыздардың да жүргені арқа тұсыңды шымырлатып, еріксіз шаттандырады. Білсем, оқысам, үйренсем деген олардың білгенін, оқығанын, үйренгенін елдің пайдасына жаратуға асыққандары ілтипат сезіміне бөлейді. Ал қандай кезеңде өмір сүргендерін ойласаң көзге мөлтілдеп жас келеді. Жаны саф алтындай таза қыздармен ойша сөйлесіп кеткеніңді байқамайсың.

Сұлулықтарына тамсанып, өлең жаза алмайтыныңа өкінесің. Тіпті «мен де дәрігер болуды армандағам» деп Гүлсім Асфендияроваға ең болмаса арман жағынан өзіңді жақындатып қойғың келеді. Неге сонша тамсанамыз? Себебі қазіргі қазақ қызы дегенде ойлайтын образдың түпнұсқасы осы қыздар!

Білімді, көреген, қайырымды, тек жақсы болса деп тұратын гуманист, өжет.

Әрі қарай Раушан Сайлауқызы талдайды.


Хабарламаларға жазылу