Қарағандыда әскерилер 100-ге келетін соғыс ардагерін мерекемен құттықтады
Қарағандыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді. Әскерилер биыл 100-ге келетін соғыс ардагері, мерген Мария Шинкевичті құттықтады. Ғасыр жасаған майдангер көзіне жас алып, естелігін айтты. Ал Қарағанды және Ұлытау облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері тыл ардагері Раиса Гончарикке құрмет көрсетті. Талай жыл осы салада еңбек еткен зейнеткер 8 наурыз күні қос мерекені атап өтпек. Себебі ол күні 94 жасқа толады. Ардагерлерге арналған шарада оркестрмен ән шырқалап, сарбаздар қарт майдангерлердің есігі алдынан сап түзеп өтті.
Шерхан Сейітханұлы, 31775 әскери бөлімі бригада командирінің орынбасары:
Батыр аналарымызды өскелең ұрпақ білуі керек. Бұл бірінші және соңғысы емес. 7 мамыр, Жеңістің 80 жылдығында батырларымызды құттықтаймыз. Олар батылдықпен, ақ найзаның ұшымен кең байтақ жерімізді алып қалды.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42

Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37
Түркияда полиция учаскесіне қарулы шабуыл жасалды
08.09.2025, 17:36
Жолдау: Мықты маман – экономиканың кепілі
08.09.2025, 17:28
Сарапшы: Ғылымға кеткен қаржының қайтарымы керек
08.09.2025, 17:25
Жолдау: Жасанды интеллект дәуірі
08.09.2025, 17:22
Сенаторлар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайды
08.09.2025, 17:18