АҚШ-тан депортацияланатын қазақстандықтардың саны белгісіз. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенатта осылай деді. Қазір тараптар ақпарат алмасып жатыр. Америкада заңсыз жүрген отандастарымыз міндетті түрде елге қайтарылады деді вице-министр.
Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Бұл құпия операция емес. Сондықтан әрине ресми деңгейде ақпарат алмасамыз. Бұл деректер алдымен елшілікке жетіп, содан соң құзырлы органдарға хабарлайды. Әзірге АҚШ-тан депортацияланатын қазақстандықтар жайлы ресми дерек жоқ.
Айя Мүтәлі
