Орал мен Семейде «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал мен Семейде «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді

06.03.2025

Оралда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мектеп оқушыларына арналған экологиялық сабақ өтті. Олар жоғары оқу орнының студенттерімен бірлесіп, топқа бөлініп, табиғатты сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу бағытында өз жобаларын таныстырды. Бірі қарапайым мата кесінділерін кәдеге жаратуға болатынын дәлелдеді. Ал болашақ биологтар ботаникаға бейім жас шәкірттерге жеміс-жидек, көкөніс қалдықтарын өңдеу арқылы тыңайтқыш жасауды үйретті. Мұндай шаралар жас ұрпақ бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сеп болмақ.

Айнұр Әжігереева, М.Өтемісов атындағы БҚУ студенті:

Абай облысындағы «Amanat» партиясының филиалы «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылының тұрғындарын экологиялық акцияға жұмылдырды. Акцияға қатысқандар Жеңіс саябағына тазалық жүргізді. Ондағы ардагерлер ескерткішінің айналасын тазартты. Осыған дейін көп болып жұмылып, ауыл қардан тазартылып, көктемгі тасқынға дайындық жүргізілген.

Төлеуғали Шаланов, Глуховка ауылының тұрғыны:

«Таза Қазақстан» деген әр адам еңбегін қосуы керек. Әркім өз снасымен барып істесе. Әрбір отбасы үлес қосса, сонда ғана біз таза Қазақстан боламыз. Біз енді мұны жалғастыра береміз. Қар кете, күн жылына көшеттер отырғызамыз.

Ардақ Мұратқызы, Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу