«Жетісу» футбол клубының директоры сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу» футбол клубының директоры сотталды

06.03.2025

Талдықорғанда «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмахамбет Дөнсебаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде спортшылардың тамақтануына бөлінген 32 млн теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Шығынды толық өтегені үшін және сырқаттануына байланысты оған 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу