Басты Жаңалықтар Шымкентте ғимарат ішінде қалып қойған азаматты құтқарды

Шымкентте ғимарат ішінде қалып қойған азаматты құтқарды

Шымкенттік полицейлер жанып жатқан ғимарат ішінен ес-түссіз жатқан азаматты құтқарып қалды. Тәртіп сақшыларының патрульді экипажы бұл оқиғаға кездейсоқ кезікті. Жақын маңдағы автокөлік жуу орнына келген олар дауыстап шақырғанымен,  ғимарат ішінен ешкім шыға қоймайды. Полиция қызметкерлері амалсыз ішке бас сұққанда бөлме іші көк түтінге толып кеткен екен. Есік ашылып, ауа кірген сәтте бірден от тұтанған. Осы сәтте тәртіп сақшысы жерде есінен танып жатқан қызметкерді көріп, дереу сыртқа алып шығады. Полиция инспекторлары тұтанған өртті сөндіреді. Ал көк түтінге тұншыққан азаматқа жедел жәрдем шақыртып, дәрігерлерге табыстаған. Кейін белгілі болғаны, от еденге құлаған электр жылыту қондырғысынан тұтанған. 

Ғани Қалмахан

Бөлісу