Ассамблея ардагерлері жас аналарға сый жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ассамблея ардагерлері жас аналарға сый жасады

Ассамблея ардагерлері жас аналарға сый жасады

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, жас аналарға сыйлық таратты.

Ақсақалдар шаһардағы бірнеше перзентханаға барып, жаңа босанған келіншектерді құттықтады. Нәрестелерге ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жаудырды. Жас аналардың бірі – Назерке Әзизбаева. Ол көктемнің алғашқы күнінде төрт ұлдан кейін көптен күткен кестетігерін дүниеге әкелді.

Назерке Әзизбаева, жас ана:

Дәрігерлерге, ата-анамызға, жұбайыма, бүкіл Қазақстандардың азаматтарына рахмет. Алғыс айту күні құтты болсын. Бесінші балам, төрт ұлдан кейін ұзақ күткен алғашқы қызымыз.

Айдана Қуантхан

Бөлісу