Audi автоконцерні Брюссельдегі зауытын жапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Audi автоконцерні Брюссельдегі зауытын жапты

Audi автоконцерні Брюссельдегі зауытын жапты

Еуропаның автомобиль өндірушілері дағдарыстан шыға алмай тұр. Бүгін Audi автоконцерні Бельгия астанасы Брюссельдегі зауытын жапты. Салдарынан 4 мыңнан аса адам жұмыссыз қалды. Audi - Германияның алыбы Volkswagen-нің еншілес компаниясы. Брюссельдегі зауытта негізінен электромобильдер құрастырылады. Былтыр 164 мың көлік сатылымға шыққанымен, сауда жоқ. «Q8 e-tron» электрокарын қарт құрлықта шығару тым қымбат», деген кәсіпорын басшылығы өндірісті Қытай мен Мексикаға көшірмек.

Нұрсұлу Қасым

Бөлісу