Еуропалық Одақ экологиялық таза өндірісті дамытпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Еуропалық Одақ экологиялық таза өндірісті дамытпақ

Еуропалық Одақ экологиялық таза өндірісті дамытпақ

«Еуропалық Одақ жасыл технологияның жаһандық орталығы болуы тиіс». Мақсатқа қол жеткізу үшін одақ инновациялық жобаларға 100 млрд еуро бөлмек. Бельгияның Антверпен қаласында өткен өндірістік саммитте Еуропалық комиссия экологиялық таза өндірісті дамыту жоспарын таныстырды.

ЕуроОдақ 2030 жылға қарай ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды 55 пайызға қысқартуды көздеп отыр. Қазба отынға тәуелділіктен арылу үшін энергияның баламалы көздерін жетілдіруге күш салмақ. Жасыл технологияны дамытып, халықаралық бәсекеге төтеп беруге қауқарлы компанияларға энерготасымалдаушы құны азайтылады.

Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық комиссияның төрағасы:

Біз әлі күнге қымбат қалдықтарды Қытайға жіберіп отырмыз. Мерзімі өтіп кеткен батареялардан 15 пайыз литий металын алуға болады. Соның өзі электромобильге қажет 2 млн аккумулятор шығаруға жеткілікті. Сондықтан, біз аса маңызды шикізат қалдықтарын Еуропада сақтап, оны пайдаға жаратуымыз керек.

Нұрсұлу Қасым


Бөлісу