Жамбылда қант зауыты қызылша қабылдайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда қант зауыты қызылша қабылдайтын болды

26.02.2025

Жамбылда дихандар талабынан кейін «Тараз қант зауыты» қайтадан қызылша қабылдайтын болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Шаруалар кәсіпорынға үш жыл бойы өнімдерін өткізе алмаған еді.

Өйткені ресейлік инвестор қолына өткен кәсіпорын тек қант құрағын өңдеуге көшкен болатын. Салдарынан 400-ге тарта шаруа тәтті түбірді Меркі зауытына тасымалдады. Әсіресе былтыр қиынға соқты. Жалғыз зауыт тек 440 мың тонна қызылша қабылдап, қалған өнім Жетісу жеріне жіберілді. Тіпті Қырғызстанға да тасымалданды. Осылай сарсаңға түскен диқандар былтыр 640 мың тонна өнім жинады. Диқандар апта басында зауыт алдына барып, қайтадан қабылдауын талап етті. Іске араласқан Министрлік мәселе оң шешімін табады деді. Қазір серіктестік технологиялық желісін жаңартып жатыр.

Сәуле Жұрынова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры:

Дайындық жұмыстарын жүргізудеміз, шұғыл түрде жүргізіп жатырмыз. Зауытпен күнделікті жұмыс атқарудамыз. Тараз зауыты негізі 2 500-3 000 тонна күніне қант қызылшасын қабылдауға мүмкіншілігі болады немесе науқанына шамамен 250-300 мың тоннадай болады ол.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу