Абай облысы да су тасқынына дайындалуда
Абай облысында су деңгейі көтерілетін ірі су қоймалары мен өзендер тексеріліп жатыр. Қауіпті орындарды облыс басшысы Берік Уәли мамандармен бірге тікұшақпен шолып шықты. Әсіресе Шүлбі су электр станциясы, Ертіс пен Үбе өзендері жіті бақылауда. Су күрт тасыған жағдайда арналарды кеңейту үшін мұз жару жұмыстары да пысықталды. Сақтықта, қорлық жоқ. Сондықтан гидрологиялық нысандарға жақын орналасқан елдімекендер маңындағы дамбаларды биіктету, бекіту жүргізілмек. Мамандар әзірге ешқандай қауіп жоқ деп отыр.
Дмитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
Жаңасемей, Бородулиха аудандарындағы қауіпті жерлерді шолып шықтық. Бородулиха ауданындағы Красный яр, Переменовка сияқты ауылдарды көрдік. Жыл сайын онда қар суы көп жиналады. Келесі аптада Ақсуат, Мақаншы аудандарындағы тасқын болуы мүмкін жерлерді тексереміз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00