«Amanat» партиясының Астана қалалық филиалы мен ҚХА меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясының Астана қалалық филиалы мен ҚХА меморандумға қол қойды

20.02.2025

Бүгін достық үйінде «Amanat» партиясы қалалық филиалы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақ пен келісім туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Ассамблеяның 30 жылдығына орай атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекітті. Мәселен, биыл Конституцияның 30 жылдығы, Жеңістің 80 жылдығына арналған бірқатар іс-шараларға бірлесе атсалыспақшы. Одан бөлек отбасы күніне арналған «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» фестивалі, ел Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек әулеттерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Мұхаммед Болысбек, «Amanat» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:

Меморандумның мақсаты – 30 жылдықтың аясында кешенді жұмыс жасау. Соның ішінде ұлттық бірлікті, өзара ынтымақты, ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді одан сайын нығайту.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу