Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында балықшылар жүрген мұз қабаты бөлініп кетті

Жамбыл облысында балықшылар жүрген мұз қабаты бөлініп кетті

Жамбыл облысы Жуалы ауданында көлдің мұз қабаты бөлініп кетіп, балық аулауға барған 5 адам айдын ортасында қалып қойды.

Тараз қаласының тұрғындары Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында алаңсыз мұз ойып отырған. Кенет көкмұздың жағалауға жақын бөлігі ажырап, 10 метрге алыстап кеткен. Әуесқой балықшылар су қоймасының мұзды бөлігінен 3 сағат бойы шыға алмаған. «112» желісіне хабарласқан соң оларды құтқарушылар қайықпен алып шыққан. Ал қалыңдығы 25-35 сантиметр мұз қабаты күннің жылынуынан еріген.

Тараз қаласының тұрғыны:

Таңғы сағат 11:00-де балыққа 5 адам келгенбіз. Бірақ ол кезде мұз жақсы болатын, өтіп кеттік. Балық ұстадық. Кешкі сағат 16:00-де еріп кетті, су болды.

Данияр Әлімқұл


Бөлісу