Шымкентте дәстүрлі тазалық шарасы өтті
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгін Шымкент қаласындағы 2 ауданның аумағында тазалық шарасы өтті. Оған қала тұрғындары, «Жасыл ел» жасақтары мен белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар мектептердің маңайы, көше бойларын қоқыстан тазартып, қураған шөптерді жинап шықты. Сондай-ақ жол бойындағы бітеліп қалған арықтарды аршыды. Бұл жолғы шараға тазалық мекемесінің жұмысшылары мен техникасы жұмылдырылды. Көшелердің тазалығына әсіресе тұрғындар дән риза.
Исамудин Рысбаев, Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Бала-шағамызды тазалыққа көбірек дарытсақ, адамның жаны таза болады, көңіліміз жарық, таза ауамен демаламыз. Шымкент қаласының таза болуы өзімізге де мақтаныш, келген қонақтар да керемет көңілде болады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді
06.11.2025, 13:24
Маңғыстауда өнеркәсіптік қалдықтардан арылу жобасы басталды
06.11.2025, 13:20
Атыраулық мамандар ЖИ саласын меңгеруде
06.11.2025, 13:17
Алматыда 500 орындық жатақхана ашылды
06.11.2025, 13:15
«Ең үздік университеттер» рейтингіне Қазақстанның 44 ЖОО енді
06.11.2025, 13:13
АҚШ-та ұшақтың құлау себебін іздеп жатыр
06.11.2025, 13:11
Филиппинде қаза тапқандар 114-ке жетті
06.11.2025, 13:09
«Жауын-шашын салығы» – фейк ақпарат
06.11.2025, 13:06