Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының президентін қабылдады
Қазақстан Халықаралық күрес федерациясымен ынтымақты одан әрі нығайтуға ниетті. Қасым-Жомарт Тоқаев федерация президентімен кездесіп, әлемдік спорт аренасындағы еліміздің беделі артып келе жатқанын айтты. Отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады. Бұл спортты жастар арасында кеңінен таныту үшін бүгінде инфрақұрылымды жетілдіру және озық әдістер енгізу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Ал Ненад Лалович Қазақстанды федерацияның маңызды серіктесі екенін атап өтті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстандағы күресті дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық күрес федерациясының президентін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05