Басты Жаңалықтар Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды. Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Тамара Дүйсенова 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бері Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келді. Ал оның орнына Вице-Премьер болып Президент жарлығымен Ермек Көшербаев келді. Ол бұған дейін атқарып келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Тағы бір ауыс-түйіс - Президент жарлығымен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қызметінен босатылды.  

Бөлісу