Басты Жаңалықтар Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады

Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып жатыр. 2028 жылға дейін еліміздегі 1000 білім ошағында осындай тіс емдеу бөлмелерін іске қосу жоспарланған. Бұл бастама Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін күшейту және денсаулығын қорғау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Қазіргі таңда 150 мектепте арнайы кабинеттер ашылды. Жыл соңына дейін олардың саны 240-қа жетпек. Жоба ең алдымен, оқушы саны мыңнан асатын ірі мектептер мен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа оқу орындарын қамтиды. Мұнда ауыз қуысы ауруларын ерте анықтау, алдын алу және санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізіледі.

 


Бөлісу