Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
Ақмолалық учаскелік инспекторлар «Бөлімше» құқықбұзушылықтардың жедел алдын алу шарасы аясында «Игі істер» акциясын бастады. Сөйтіп, өзіне бекітілген аумақтағы жағдайды бақылап қана қоймай, жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетуді мақсат тұтты.
Акцияның алғашқы күні-ақ учаскелік инспекторлар 200-ге тарта жалғызбасты
қарттардың үйіне барып, қолдан келетін көмектерін көрсетті. Біріне картоп
қазысуға көмектессе, екіншісінің бірнеше күннен бері істемей тұрған теледидарын
жөндеп, антеннасын реттеп берді. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж отбасыларға
азық-түлік жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сынды игі істерге бастамашы
болды. Акция қараша айына дейін жалғаспақ.
Ерболат Хусаинов,
жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
Оның негізгі мақсаты учаскелік полиция инспекторлардың әкімшілік аймақтарын зерделеп, барлық тұрып жатқан халықтың жайлы тұруын қамтамасыз ету, қандай бір заңға қайшы іс-әрекеттерден сақтау. Жалғыз тұратын, қиын өмірлік жағдайға тап болған қарт адамдарға қолдан келгенше жәрдем көрсету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
