«Астана Опера» театры Оман сұлтандығында өнер көрсетіп қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театры Оман сұлтандығында өнер көрсетіп қайтты

29.09.2017

Балеттік труппаның орындауындағы Чайковскийдің «Аққу көлі» қойылымының премьерасында зал лық толы болды. Оның ішінде осы елдегі дипломаттар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері және әлемдік балет өнерінің жұлдыздары бар. Жаңа хореографиялық редакциядағы «Аққу көлінің» авторы, труппаның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Спектакльдегі басты рөлдерді балеттің беделді актрисалары Мәдина Баспаева мен Әйгерім Бекетаева сомдады.

Айта кету керек, гастрольдік турдың барлық шығынын қабылдаушы тарап, яғни, Маскат қаласының театры өз мойнына алған.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу