«Астана опера» театры «BraVo» сыйлығына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана опера» театры «BraVo» сыйлығына ие болды

27.03.2019

Елордалық өнер ұжымы биыл «Жылдың үздік концерттік театр алаңы» аталымы бойынша жеңімпаз атанып отыр. Биыл екінші рет ұйымдастырылған сайыс үздіктерін марапаттау рәсімі Мәскеудегі атақты Үлкен театр сахнасында өтті.

Сыйлықты Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединскийдің өзі тапсырды. Еуразия кеңістігіндегі ондаған елдер қатысатын «BraVo» сыйлығының өзге байқаулардан өзгешелігі - оның ауқымы кең, яғни бәсекелестік күшті. Ал, салтанатты кештің соңында қазіргі қазақ операсының мақтанышы, ресейлік «Үлкен опера» жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова өнер көрсетіп, «Ромео мен Джульетта» операсындағы Джульеттаның вальсін нақышына келтіре орындады.

Виктор Караре, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары:

- Байқау кезінде кәсіби мамандар жасырын түрде дауыс берді. Соның нәтижесі бойынша біз жеңіске жеттік. Жас театр ұжымының тынымсыз еңбегін жоғары бағалағаны үшін, әрине, қуаныштымыз. Тек «Астана опера» үшін ғана емес, тұтас еліміз үшін кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп тұр.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу