Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Президент бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» акциясы жалпы халықтың қолдауына ие. Экоакция ұрпақ тәрбиесіне де оң ықпал етеді. Жеткіншектер өздері тұратын мекендерді тазалау жұмыстарына белсене қатысады. Түрлі танымдық іс-шара да ұйымдастырылады. Бүгін Рудныйдағы № 17 мектеп оқушылары еліміздің экологиялық проблемаларын талқыға салу үшін дөңгелек үстел басына жиналды. Шәкірттер өзекті тақырыпты терең қамтып, зерттеу жүргізіп, ғылыми жұмыстар жазған. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында оқу ордаларында осы тектес іс-шара жиі өтеді», - дейді ұстаздар қауымы.
Аида Жұмабекова, мұғалім:
Біздің мектепте әр айда әртүрлі іс шара ұйымдастырылып жатыр. Біз оқушыларымызды кішкентай кезінен экологияны таза ұстауға, өз еліне патриот болуға тәрбиелейміз. Әр адам өзінен бастауы керек. Сондықтан кішкентай кезінен үйретіп жатырмыз. Үйін, ауласын, даласын таза ұстауға үйретіп жатырмыз. Таза қала – таза ел деп үміттенеміз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49