Қостанайдағы өзенге жақын 80 үйді су басуы мүмкін
Қостанай қаласында Тобыл өзеніне жақын орналасқан 80 үйге тасқын кезінде су басу қаупі төніп тұр. Былтыр көктемде «Колесные ряды» деп аталатын бұл көше түгел су астында қалған. Соның салдарынан 110 үй апатты жағдайда деп танылып, тұрғындары қауіпсіз жердегі баспаналармен қамтылды. Жартылай бүлінген 80 үй жөндеуден өткен. Алайда былтырғы жағдай тағы қайталануы мүмкін. Сондықтан қала әкімдігі тұрғындарға басқа орыннан баспана сатып алуға қаржы бермекші. Бұл мақсатқа 1,5 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Жергілікті жұрт ақшаны жайлы баспана сатып алуға жеткілікті етіп бөлсе дейді.
Олег Демиденко, Қостанай қаласының тұрғыны:
Нарықтағы бағаны біз де бақылап отырмыз. Менікіндей 1960 жылдары салынған, 5-6 сотық жерімен, жөнделген үй болса, тіпті 55 миллионға кетіп қалады. Сондықтан өтемақы да осы көлемде берілуі тиіс.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49